ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы және Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Қазақстанда білім беруді дамытудың қазіргі тенденциялары» тақырыбында интерактивті кездесу өткізеді.
Мақсаты: Білім, ғылым, мәдениет пен коммуникация арқылы адам капиталын дамытудың қазіргі жетістігі мен өзекті проблемаларын, болашақтағы міндеттерін талдау, нәтижесін болжау.
Міндеттері:
жаңартылған білім мазмұны аясындағы тиімді тәжірибелерді тарату;
түлектер арасындағы ынтымақтастық пен кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту;
шығармашылық және ғылыми әлеуетін көрсетуге мүмкіндік жасау;
кәсіби деңгейін көтеру уәждемесін арттыру;
ұрпақтар арасындағы байланыстың сабақтастығын жалғастыру;
түлектердің кәсіби жетістіктерін насихаттау.
Мерзімі: 25-29 наурыз 2019 ж. Уақыты: 9.00-16.40.
Формасы: курс, конкурс, семинар, шеберлік сабағы, тренинг, презентация, көрме.
Қатысушылар: ҚазМҚПУ түлектері.
Спикерлер: ЮНЕСКО өкілдері, «ЖОО үздік оқытушылары», тренерлер, жас ғалымдар.
Тақырыптар: «Тұрақты даму мақсаттары», «Ұлттық өнер және мәдени құндылықтар», «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің инновациялық әдістері», «Химияны CLIL әдісі бойынша оқыту», «ХХІ ғасырдағы көшбасшылық және басқару дағдылары» т.б. Өткізілетін курстар туралы толық ақпарат Қосымша 1.
Курс бағдарламасын толық игерген қатысушыға ЮНЕСКО мен ҚазМҚПУ бірлескен шара аясындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын аяқтағандығы туралы сертификат беріледі. Курстардың онлайн кезеңі 18 наурызда, бетпе-бет кезеңі 25 наурызда басталады. Қатысу ақысы: 15 000 (он бес мың) теңге. 25-29 наурызы аралығында қатысушылар үшін күнделікті берілетін кофе-брейк және түскі ас шақырушы жақ есебінен ұйымдастырылады.
Кездесу күндері мәдени-көпшілік шаралар және конкурстар ұйымдастырылады. Конкурстар туралы ақпарат Қосымша 2. Конкурсқа қатысу ақысы: 10 000 (он мың) теңге. Материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады. Іссапар шығыны жіберуші мекеменің немесе қатысушының өз есебінен төленеді.
Өтініш пен материалдарды 2019 ж. 15 наурызға дейін kazmkpu.bzho@gmail.com (Біліктілікті жетілдіру орталығы) эл.поштасына жіберуге болады. Тел.: +7(727) 237 01 40; +7 (727) 237 01 41; +77017506341; +77479328288. Шараға қатысуға өтініш үлгісі Қосымша 3. Реквизиттер: РГП ПХВ «КазГосЖенПУ». 050000, г. Алматы, ул. Айтеке би, 99. Тел. 8(727) 237 01 41. БИН 990240005438. ИИК KZ61826А1KZTD2025263 АО АТФ Банк. БИК ALMNKZKA. КБЕ 16. Ұйымдастыру комитеті
Қосымша 1
«Қазақстанда білім беруді дамытудың қазіргі тенденциялары»
тақырыбындағы интерактивті кездесу аясында ұйымдастырылатын курстар
1. «Тұрақты дамуға қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру»;
2. «Ұлттық өнер және мәдени құндылықтар»;
3. «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің инновациялық әдістері»;
4. «Химияны CLIL әдісі бойынша оқыту»;
5. «ХХІ ғасырдағы көшбасшылық және басқару дағдылары»;
6. «Жаңартылған білім беру жағдайында филологиялық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері»;
7. «Инклюзивті білім беру және тұлғаның психологиялық әлеуетін көтеру»;
8. «Жаңартылған білім беру тұжырымдамасы негізіндегі мектепке дейінгі және бастауыш білім»;
9. «Жаратылыстану ғылымдары білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында»;
10. «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар білім беру жүйесін модернизациялау жағдайында»;
11. «Жаңартылған білім беру жағдайында физика-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі»;
12. «Жаңартылған білім беру тұжырымдамасы негізіндегі тиімді оқыту технологиясы»
13. «Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ-ны пайдалану әдістемесі»;
14. «Робототехника».
Қосымша 2
«Қазақстанда білім беруді дамытудың қазіргі тенденциялары»
тақырыбындағы интерактивті кездесу аясында ұйымдастырылатын конкурстар
1) «Қазақстанда білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» секциясына білім, ғылым, мәдениет пен коммуникация арқылы адам капиталын дамытудың қазіргі жетістігі мен өзекті проблемаларын, болашақтағы міндеттерін талдау, нәтижесін болжау бағытындағы материалдар қабылданады.
2) «Педагогикалық жаңа идея» номинациясына пәнді оқыту, элективті, арнаулы, қолданбалы курстарды, факультатив, үйірме жүргізу тәжірибесіне қатысты материалдар, жоспарлар, әдістемелік нұсқаулар, авторлық бағдарламалар т.б. қабылданады.
3) «Үздік сабақ жоспары» номинациясына жаңартылған білім мазмұны аясында тиімді оқыту технологиясы бойынша жасалған сабақ жоспарларын алдын ала жіберуге болады. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері мен колледж, ЖОО оқытушылары жасаған жоспарлар мен презентациялар қабылданады.
4) «Шеберлік сабағы» номинациясында жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді оқыту технологиясын қолдана отырып кездесу кезінде өткізілетін сабақтар қарастырылады. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері мен колледж, ЖОО оқытушыларынан шеберлік сабағын жүргізуге өтініштер қысқаша аннотациясымен бірге қабылданады. Шеберлік сабағының ұзақтығы 15-25 минуттан аспауы тиіс. Тәрбиеленушілер/білім алушылар аудиториясы қызметін кездесуге қатысушылар атқарады. Қолданылатын көрнекіліктер түріне шек қойылмайды.
5) «Үздік видеосабақ» номинациясына жаңартылған білім мазмұны аясында тиімді оқыту технологиясын қолдана отырып 1) оқылған дәріс видеолары; 2) элективті, арнаулы, қолданбалы курстарды жүргізу тәжірибесіне қатысты видеоматериалдар; 3) арнаулы орта, орта, мектепке дейінгі т.б. мекемелерде өткізілген сабақ видеожазбасы қысқаша аннотациясымен бірге қабылданады. Бір видеоматериал ұзақтығы 7-15 минут.
6) «Әдістемелік кабинет» номинациясына жеке әдіскердің/әдіскерлердің немесе әдістемелік кабинеттің жаңартылған білім мазмұны аясындағы жүйелі, тиімді, үздіксіз, нәтижелі жұмыс тәжірибесін көрсететін материалдар қабылданады.
7) «Туынды» номинациясына қолөнер мен қылқалам туындылары (салынған сурет, тоқыма, зергерлік бұйымдар) сабақ көрнекіліктері т.б. қабылданады. Қатысуға сұраныспен қоса туындының аннотациясы жіберіледі.
Конкурс мазмұнына қарай төмендегі критерийлер негізінде бағаланады:
- мазмұнының белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруі;
- педагогикалық әдістер мен тәсілдердің айқындығы;
- білім алушылардың интербелсенді ізденіс қызметіне жағдайлар жасалуы.
Қорытындылау және марапаттау
Конкурс бойынша келесі мадақтау түрлері белгіленді:
Конкурс жеңімпазының Дипломы;
Жұмысының жаңашылдығымен ерекшеленген қатысушыға Грамота;
Конкурсқа қатысқаны туралы Сертификат.
Қатысу тәртібі Әр қатысушының бір курс тақырыбын таңдау құқы бар. Ұйымдастыру комитеті ұсынылған материалдарды іріктеуді өз құзырына қалдырады. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және талаптарға сай орындалмаған материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды. Қосымша 3
1.
Аты-жөні, тегі (толығымен, жеке куәлік бойынша)
2.
Туған жылы, айы, күні
3.
Жұмыс орны мен қызметі
4.
Лауазымы, санаты, ғылыми атағы мен дәрежесі (бар жағдайда)
5.
Университетті бітірген жылы, факультеті, мамандығы
6.
Педагогикалық еңбек өтілі
7.
Таңдаған курс тақырыбы
8.
Таңдаған конкурс номинациясы
9.
Эл. поштасы
10.
Ұялы телефоны
11.
Қосымша байланыс телефондары
12.
Мекен-жайы (толық)
13.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстың қысқаша мазмұны
Файла...........;
Текст........ бет.;
...... файл;
...... файл слайд;
....... фото;
..... видео;
Қатысушы____________________ «____»____________2019 ж.