«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біз бақытты баламыз!

«Біз бақытты баламыз!»

Мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы, достық, ойын, ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу.

Жүргізушілер

Іс-шара жолы

Трэк

Слайд

1 жүргізуші

Құрметті қоңақтар, ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін сіздерді «Біз бақытты баламыз» атты әдеби-монтажды,  тәрбиелік  кешімізді  көруге шақырамыз. Бұл шарада балалардың өнерімен, белсенділігін танып,  білесіздер.

фон

№1

2 жүргізуші

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол-балалық кезі. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайта келмес, сағынышқа толы кезеңі.

 

 

 

Муз. номер  «Гүлдер»  биі 2 Б сыныбы

01

футаж

«Құпия гүлдер»

Кейіпкерлер: ана, бала, саудагер, кішкентай қыз, ата, әже, балалар, қыз, жігіт

Сахнаға анасы  мен баласы шығады.

фон

 

Бала Нұржан: Анашым, мындағы әсем гүлдерді қараңызшы! Қандай тамаша!

Ана: Иә, құлыным Керемет! Бұл гүлдер әдемі ғана емес, олардың құпиясы бар

Бала: Құпия? Ол қандай құпия болуы мүмкін?

Ана: Оны білу үшін  гүлдерді терейік. Қане, мына гүлді қолыңа алшы.

Бала гүлдің  бірін алады

Бала:Анашым, Мұнда Мейірімділік деген сөз жазылған Ол не?

Анасы: шынайы Мейірімділіктіңне екенін білгің келсе мұнда қарай ғой.

 

 

 

 

 

 

  1. Көрініс

Саудагер Нұрмұхан  айналаны  бақылап, терезеге ұзақ  қарап  тұрды. Осы сәтте  дүкенге сүйкімді  бүлдіршін  кіріп  келіп, сөредегі  заттарға  көз  жүгіртті. Қаздай  тізілген моншақтарды көргенде  көздері жайнай  түсті. Арада  біраз  уақыт  өткен  соң  қолын созып, көгілдір  ақықтан  жасалған  моншақты  нұсқады.

 

Бала ЖансезімМұны әпкеме  сыйлағым  келеді. Оны маған  гүл суреті бар қағазға  орапбересіз  бе? – деп  сұрады  бүлдіршін.

  • -Сенің  қанша  ақшаң  бар? – деп  сұрады.

 

  •  

 

Бала: -Бұл жете ме?  - Білесіз  бе, мен сүйікті  әпкеме  сыйлық жасағым  келеді. Әпкем  анамыз   қайтыс  болғалы  бізге қарайлап келеді. Ол өзіне  мүлдем  назар   аудармайды. Бүгін  оның  туған  күні. Мына  моншақты  сыйлағым   келеді.

 

  • .

 

  • :- Ала ғой, құлыным! Жолда  абайлап  жүр. Жоғалтып  алма,

 

Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяпқалған кездедүкенге жас бой жеткенкіріп келді.

 

Әпкесі Арай: - Бұл моншақ осы жерден сатып алынды  ма? Оның бағасы  қанша? – деп  сұрады  бойжеткен.

 

  • А!  Мен кезкелген  бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

 

  • -Менің  сіңілімнің  бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына  моншақ таза ақықтан  жасалған  емес  пе? Оның  бағасы  да қымбат  болу  керек. Мұны  қалтамыз  көтермейді,

 

Саудагер:- Ол ең  қымбат  бағаны  төледі. Қолында  бардың  барлығын  берді. Ал мұны  мына заманда  ересек  адамдар да жасай  алмас  еді...

 

фон

№2

 

Бала: Түсіндім, анашым. Мейірімділік  дүниедегі ең керек сезім  екен!

Анасы: Жақсы, балам  Енді мына гүлді ала ғой.

Бала:  Ал мұнда ҚАМҚОРЛЫҚ  деген  сөз  жазулы. Ол мейірімділіктен  де маңызды ма, анашым?

Анасы: Сен оны өзің түсініп  көр, ботам.

 

фон

 

 

 

 

 

2-көрініс

Жол бойында кәрі ата мен әже тұр

Ата Олжас: мына жолдан қалай өтеміз? Көзім де көрмей тұр.

Әже Фариза: Иә, бізге біреулер көмектеспесе қиын ау Сөмкеміз де ауыр Енді қайттік?

Екі оқушы бала жүгіріп шығады.      Рамазан, Нұрхан

Балалар: Ата әже  біз сіздерге көмектесейік. Сөмкеңізді де беріңіз, алып жүрейін.

Ата: Ой, айналайын балаларым, қамқорлықтарыңа разымыз.  Бақытты болыңдар!

 

фон

№3

 

Муз. номер:  «Әжетайым»  әні

02

 

 

Анасы: Міне, балам, қамқорлық дегеннің бір үлгісі  осы. Түсінген шығарсың?

Баласы: Иә, анашым, түсіндім Мына гүлдің құпиясы бар ма екен?  Мұнда МАХАББАТ деген сөз жазылған екен.

Анасы:Махаббат - ұлы сезім Дүние махаббаттан жаралады.

 

 

3-көрініс

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?Асылжан, Жансая

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.     

фон

№4

 

 

 

 

 

Баласы: Мен бүгін  көп нәрсені түсіндім. Рақмет  саған, анашым! Сен өмірдің бастауысың! Әлемдегі ең асыл жан - аналар мерекесі құтты болсын!

 

 

 

Муз.  номер   «Сезім сыры»  биі

03

футаж

1 жүргізуші

Балалық шақ - балғын шақ,

Өмірдің өзі болашақ.

Балалық шақ шектеулі,

Ойнайтын кезде асыр сап.

 

 

2 жүргізуші

Қайта оралып келмейтін,

Балалық шақтың қызығы.

Мектеп те қайта келмейді,

Қоңыраудың сыңғыры.

 

 

1 жүргізуші

Балалықтың шаттығы

Ештеңеге жетпейді.

Үлкен болып өскенше

Ол жаныңнан кетпейді.

 

 

2 жүргізуші

Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің  сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –анамыз бар.

Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя

мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.

 

 

1 жүргізуші

Бақытты балалық шақ туралы өлен  жолдарын

2Ә сынып оқушылары  жолдайды

фон

№5

 

Муз. номер:  «Жұмақ мекен» әні

04

футаж

1 жүргізуші

Қазақстан, сенсің менің сайран бағым

Кетпестей кіндігімнен байланғанмын

Табысың, тамашаң  да толып жатыр,

Баяндап тауысайын қайдан бәрін.

 

 

2 жүргізуші

Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.

 

 

 

Муз. номер:  «Ана туралы жыр» хор

05

футаж

1 жүргізуші

Балалық шақ адам өміріндегі  ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.

 

 

 

2 жүргізуші

Сондықтанда әр бір үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен  қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді   мүмкінділігіше   есте  қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.

 

 

 

1 жүргізуші

Құрметті қоңақтар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін сіздерге  «Біз бақытты баламыз» атты әдеби- кешімізді  тамашалағаны үшін алғысымызды білдіреміз! Қош сау болыңыздар!

 

 

 

Гүлдер сыйлау рәсімі

фон

 

           

 

Жаңартылған күні: 06.03.2023 12:58
Құрылған күні: 06.03.2023 12:58

Текст