А.Косарев атындағы №9 орта мектебі
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет
02.03.2020
А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің асханасы 200 орынға арналған. Оқушылардың жекелеген санаттарын байланысты мектепте тегін ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған Асханада оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыруда ЖК «ЗАБОТА» жұмыс жасайды.
Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, тұл жетім балалар, тубдиспансердің ұсынымы бойынша тубвиражды оқушылар және әлеуметтік атаулы көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін тамақпен қамтылып, 114 оқушының тізімі бекітілген. 25.02.2020 күннен бастап 114 оқушы тегін тамақтанады.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қабылданады. Сонымен қатар тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады.
Мектепте дұрыс тамақтануға байланысты іс-шаралар, сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу де жақсы жолға қойылған. Тамақтану режимін сақтау, дәрумендердің адам ағзасына қажеттілігі , пайдасы туралы кеңестер беріліп, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болады.
Мектебімізде даярлық тобын қоса есептегенде жалпы оқушылар саны 836 тегін тамақтанатын 114 оқушы, Мектебімізде барлық оқушы ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылған.
Күн сайын медицина қызметкері Майраға санитарлық қағидалардың 9-қосымша, 3 –нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіп отырады. Мектепте оқушыларды түгелдей қайнаған сумен қамтамасыз етеді. Мектептегі ыстық тамақтың берілуі тоқсан сайын директор жанындағы мәжілісте қаралып отырады. Сынып жетекшілер дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениеті жөнінде сынып сағатын өткізді.
Әлеуметтік педагог Д.Мустафаева