1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат.
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен жайы: Степногорск қаласы, 7 шағын ауданы 5 ғимарат.
Жалпы орта білім беру саласындағы жалпы білім беретін мектепте 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын) 299 қызмет көрсетті:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 203;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 98 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 1;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 1;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 1;
- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету -1;
- Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау – 1
- Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты жаңарту (түзету) – 1
- Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау – 1
- Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныбына құжаттарды қабылдау және қабылдау - 1
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2024 жылы ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 155;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 2;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 31;
- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 7;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету - 96;
- Мұғалімдерді аттестациялауға құжаттарды қабылдау – 10.
2. Қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
- Мектептің сайтында барлық мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары жарияланған.
- Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат жалпы орта білім беретін мектептің интернет ресурста http://sc0013.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/otchet-o-deyatelynosti-po-voprosam-okazaniya-gosudarstvennyh-uslug
- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ мектепте стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
- Интернет – ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2024 жылға әлеуметтік желілерде жарияланды: instagram, facebook – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы 6 ақпарат;
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап облыста жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптарына қабылдау үшін электронды құжат қабылдау жүйесі жұмыс істей бастады. Ата-аналар бұл қызметті www.egov.kz электронды үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы алады. Өтініштер тәулік бойы қабылданады, сондықтан ата-аналар жұмыста немесе үйде болғанда мектепке онлайн түрде өтініш бере алды. 2024 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында мектеп бойынша 76 бала қабылданды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 7 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
2) Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер бар.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді бекіту/өзгерту туралы бұйрықтар жолдады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары тіркелген жоқ.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін арттыру жоспары
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде мектебіміз мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірме-ақпараттық іс-шаралардың санын көбейтуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тұрақты түрде нормативтік құқықтық құжаттармен танысып отыру.
2025 жылы жалпы орта білім беретін мектепте жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.