«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тренинг "Жүрек жылуы"

Тренинг "Жүрек жылуы"

Тақырыбы: «Ата –ана мен баланың қарым –қатынасы»

Мақсаты; ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: балалардың көздерінің дайын фото суреттері, жұмсақ ойыншықтар, лента.

Тренинг барысы;

1.Сәлемдесу, жақсы көңіл-күй қалыптастыру

2. «Баламды көзімнен танимын» жаттығуы.

3. Жылы сөздер  

4. «Егер менің балам болса» жаттығуы

4. Ой толғау «Қарым-қатынас дегеніміз не?»

 

Қорытынды сөз

Кері байланыс.  Тілек шоғы.

Көңілді әуен ойнап тұрады (музыка)

1. -Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар. Қош келіпсіздер.

Әрбір адам –өмірге келген қонақ.  Өмір өте мәнді мағыналы,  мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде»адамдардың бір –бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.

Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдарымен таныстырып өтейін.

«Қазір және осы жерде», Теңдік және ынтамастық; Топта болған жағдай,дәл осы жерде қалу керек, сыртқа айтпау; Тренигке  қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасы емес іс –әрекетін сынға алыңыз; Пікілер нақты, қозғалып отырған  мәселеге байланысты болу керек; Топтың жұмыс тәртібін, сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.

2. «Баламды көзімнен танимын» жаттығуы

Алдын ала фото суретпен  дайындалған көздерді  ата- ананың алдына қою. Әр ата- ана өз баласының  көзін табу керек.

3. Жылулық сөздер.

4. «Егер менің балам болса» жаттығу

Ата - аналарға сұрақтар қою.

Есінізге түсіріңізші аяғыныз ауыр болған,кезде бірінші не туралы ойладыңыз, қандай сезіміңіз болды?

Енді балаңыз өмірге келгенде алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?

  1. Енді балаңыз жүре бастағанда,  біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз.

Сонымен аяғын байлаймыз.

  1. Енді балаңыз жан жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.
  2. Баланың тлі шығады да ,бәрін ұстай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқалама дейміз.

Баланың аузын байлаймыз.

  1. Көшеден әр түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз.

 Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.

  1. Телидидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз.  Сонымен баланың көзің байлаймыз.
  2. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысқтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.

Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?

Ата аналарға сұрақ қою.

Сіз өзінізді қалай сезініп тұрсыз?    (ыңғайсыз, жақсы, жаман, нәшар)

Біріншіден нені босатқыныз келеді?

Ал, енді жылы лебізбен балаларынызды босатыныздар.

 

4. Ой толғау. «Қарым –қатынас дегеніміз не?»

Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім, еңбек,жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі, қарым –қатынас  арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.

2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба?

3.Бала үшін қарым –қатынас қажет пе?

4.Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?

5.Баламен ата –ана арасындағы қарым –қатынастар ылғи жақсы бола бере ме, әлде қарым –қатынаста қиындықтар туа ма? Туса олар не себептен болады?.

6.Бала мен ата –ана арасндағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз?

7.Қарым –қатынасқа үйрену керек пе?

Жақсы қарым –қатыс үшін ең алдымен сабырлық,салиқалық қажет.

8.Қорытынды. Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана, екінші жақсы ұстаз, үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен. Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болады.

9.Кері байланыс. Тілек шоғы.

 

Жаңартылған күні: 06.03.2023 12:59
Құрылған күні: 06.03.2023 12:59

Текст