Ұйымдар тізімі
31.07.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындау үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурсқа Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар ұсынған педагогтер қатысады.
Конкурстың өткізілу уақыты:
2026 жылғы 04-10 тамыз аралығында - құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде hr-nobd.iac.kz платформасына жүктейді.
Байланыс телефоны 8 716-45-7-50-17, 7-50-37, 7-40-28
Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 113-тармағынан қарауға болады немесе жоғарыда көрсетілген телефондарға хабарласыңыз.







