«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Саналы ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздың міндеті

Саналы ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздың міндеті

Мектеп туралы айтылса, жаңартылған білім мазмұны мен ондағы қиындықтар сөз болады. Осы орайда, бұл бағдарламаның мақсатын қарапайым тілмен жұртшылыққа түсіндіргім келеді.

Жаңартылған білім мазмұны оқушылар арасында жарысып оқуды емес, бір- бірінің қызығушылығын, өмірлік мақсатын айқындап, сенімді, бірін-бірі демеуші ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған бағдарлама.

Біз бұрынғы көзқарас бойынша, яғни жақсы оқы, оқуға түс, айлықпен күн көр деген ойдан алыс кетуіміз керек. Бұл құлдық сана болып келді. Әрине, оқып, сауатты болу, жоғары жалақы алып, елін аузына қаратып, өнертапқышқа айналу немесе білім-білігін пайдаланып, әлем аралауға мүмкіндікке жету өз күшін ешқашан жойған емес,бірақ, қабілетін жұмсамай, қағазға тәуелді болып тек айлыққа күн көруді оқушыларымыздың санасынан алып тастауымыз керек. Ол үшін неге бейім екенін анықтап, соны жеткізуіміз қажет. Өзге үшін емес, өзің қалаған іспен айналысу керектігін түсіндіре отырып тәрбиелеу керекпіз. Өз ойын еркін жеткізіп, қоғамнан орын алатын, ерекше көзқарасы бар тұлға дайындап шығаруға тиіспіз. Өзгеге тәуелді болудан арылу керекпіз. Қазақстандай кең байтақ мемлекетте өсіп келе жатқан әрбір баламызды патриот және нар тұлға етіп тәрбиелеу – ұстаздың міндеті. Әр бала шамшырақ демекші, шамшырағын жағу үшін осы жаңартылған білім мазмұны тұздық секілді. Әр баланы бір деңгейде, икеміне қарай дамытуға ықпалы зор.

Өздері сүйіп істейтін істі мектеп табалдыры

Жаңартылған күні: 20.05.2020 19:11
Құрылған күні: 20.05.2020 19:11

Текст