«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Буллингтің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар есебі наурыз 2026 жылы

Тақырыбы: Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Білім беру ұйымы: Қаныш Сәтпаев атындағы №9 ЖОББМ 
Оқу жылы: 2025–2026
Жауапты маман: (әлеуметтік педагог / психолог / сынып жетекшілер)

Кіріспе

Буллинг – білім алушылар арасында психологиялық, физикалық немесе әлеуметтік қысым көрсету арқылы көрінетін өзекті мәселе. Ол оқушының психоэмоциялық жағдайына, оқу үлгеріміне және мектепке бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты мектепте буллингтің алдын алу және ерте анықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты мен міндеттері

  • Мақсаты:
    Оқушылар арасында буллингтің алдын алу, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Буллингтің түрлері мен салдары туралы оқушылардың білімін арттыру;
  • Қауіп тобына жататын оқушыларды анықтау;
  • Психологиялық қолдау көрсету;
  • Ата-аналар мен педагогтердің жауапкершілігін арттыру.

 

Есептік кезеңде мектеп бойынша буллингтің алдын алу бағытында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Біріншіден, оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаттары барысында «Буллинг дегеніміз не?», «Қауіпсіз мектеп ортасы», «Құрмет пен төзімділік» тақырыптарында әңгімелер өткізілді. Оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары түсіндірілді.

Екіншіден, мектеп психологтары тарапынан «Олвеус» диагностикалық сауалнамасы ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға ұйымдастырылды. Атап айтқанда, оқушылар арасында сауалнама, бақылау және жеке әңгімелесу жүргізіліп, тәуекел топтағы білім алушылар анықталды. Аталған оқушылармен жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді.

Үшіншіден, ата-аналармен байланыс күшейтілді. Ата-аналар жиналыстарында буллингтің алдын алу мәселесі қаралып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі түсіндірілді. Қажет болған жағдайда жеке кеңестер берілді.

Төртіншіден, мектепте сенім жәшігі орнатылған, оқушыларға өз ұсыныстарын, пікірлерін жазатын мүмкіндік бар, бірақ оған ешкім ештене жазбайды. Біріңғай республикалық қолдау орталығының кьюар коды «111»  және облыстық  Педагогикалық-психологиялық қолдау орталығының номерлері қабаттарда, фойелерде, асханада, кітапханада, спортзалда және дәретханаларда орнатылған оқушылар өз мәселелерімен жасырын түрде жүгіну мүмкіндігі  бар. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен педагогтер тарапынан үнемі бақылау жүргізілді.

Бесіншіден, профилактикалық іс-шаралар аясында тренингтер, дөңгелек үстелдер және акциялар ұйымдастырылды. Буллингке қарсы оқушылар флешмобтар биледі. Бұл іс-шаралар оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мектепте психологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалды. Оқушылар арасында өзара түсіністік пен қолдау мәдениеті қалыптасып келеді. Буллинг фактілерінің алдын алу деңгейі артты.

  • Есепті кезеңде келесі жұмыстар атқарылды:
  • «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді;

https://www.instagram.com/p/DTz5xDQjC6N/?igsh=amF5dXFjMjV4aHBx

https://www.instagram.com/p/DTz5xDQjC6N/?igsh=amF5dXFjMjV4aHBx

https://www.instagram.com/p/DSDb-26DAfm/?img_index=6&igsh=enJ3MXQxMTIwOXp6

https://www.instagram.com/p/DSDd2s0jMy6/?igsh=MWs0Z2J0Mmg1cm0xNw==

  • Оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, психологиялық ахуал талданды;

https://www.instagram.com/p/DRPzbPXjJu6/?igsh=aWJsMm56ZGx2OXc4

https://www.instagram.com/reel/DRPzFcYjEET/?igsh=MWVkd2ZsM3E4aGFrbQ== https://www.instagram.com/p/DSLQQisjNge/?igsh=MTY4b3NqcTd6dGRuYw==

  • Қауіп тобына жататын оқушылармен жеке әңгімелесу жұмыстары ұйымдастырылды;

https://www.instagram.com/p/DSDc_vwjK-z/?igsh=bTUwdXZ5aDF4cmZx

  • Психолог тарапынан тренингтер мен кеңес беру жұмыстары жүргізілді;

https://www.instagram.com/reel/DSDC_v6jHbm/?igsh=cWl5cWowZDJhajJv

https://www.instagram.com/reel/DSEqH8ZDAd8/?igsh=N2YwZzBpODR2dGFk

  • Ата-аналар жиналысында буллингтің алдын алу, баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

https://www.instagram.com/p/DT3Pp-NjPIo/?igsh=b2VleXE4aGM2NzEz

 

Буллингті анықтау мақсатында өткізілген сауалнамалар

1. Дэн Олвеустің «Буллинг» сауалнамасы

2. «Саған қалай қарайды» экспресс-сауалнамасы, 2-4 сыныптар, «ӨРКЕН» БƏАҰҒПИ ғылыми қызметкерлерінің авторлық ұжымы (өңдеу, түсіндіру)

3. «Саған қалай қарайды» экспресс- сауалнамасы» 5-11 сыныптар, «ӨРКЕН» БƏАҰҒПИ ғылыми қызметкерлерінің авторлық ұжымы (өңдеу, түсіндіру)

4. Жасөспірімнің əл-ауқат шкаласы, авторы Кэрол Рифф

5. Кибербуллинг маркерлерінің     оқушылардың психологиялық денсаулық деңгейіне əсерін бағалау əдістемесі, авторы Г.М. Ракишева

6. Шкала интернет-зависимости, авторы Кимберли Янг

Қауіпті  тобына жататын оқушылармен жеке әңгімелесу жұмыстары ұйымдастырылды;

 https://www.instagram.com/p/DSDc_vwjK-z/?igsh=bTUwdXZ5aDF4cmZx

05.03.2026 ж 6 сынып оқушылармен педагог-психологтың жұмысы «Достық қарым-қатынас нығайту»

https://www.instagram.com/reel/DWWVHhfjEo4/?igsh=Z2Q1MHdxdGdnNXl6

17.03.2026 ж  9 сыныптармен педагог-психологтың жұмысы

https://www.instagram.com/p/DWWXBMXjC2S/?igsh=emlodWxzdndzcG4y

Психолог тарапынан тренингтер мен кеңес беру жұмыстары жүргізілді;

https://www.instagram.com/reel/DSDC_v6jHbm/?igsh=cWl5cWowZDJhajJv

https://www.instagram.com/reel/DSEqH8ZDAd8/?igsh=N2YwZzBpODR2dGFk

17.04.2026ж №4  педагогикалық кеңесте тәжірбиемен бөлісілді.

 https://www.instagram.com/p/DWJODOwjEhX/?igsh=MTNhY3h0a3ZpajcxNA==

20.03.2026 ж 10 «А» сыныбында ата-аналар жиналысында Бала қауіпсіздігі (көктемнің қауіпсіздік ,буллинг , кибербуллинг , зорлық-зомбылықсыз балалық шақ) туралы айтылды.

 https://www.instagram.com/p/DWJOXyzDMi6/?igsh=Nml3ZTdoZzU5dmpr

20.03.2026 ж 3 «Ә» сыныбыдна ата-аналар жиналысында Бала қауіпсіздігі (көктемнің қауіпсіздік ,буллинг , кибербуллинг , зорлық-зомбылықсыз балалық шақ) туралы айтылды.

 https://www.instagram.com/p/DWJOQXFjFQv/?igsh=YnQxcWx1d3Q4ZXdi

20.03.2026 ж 4 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысында Бала қауіпсіздігі (көктемнің қауіпсіздік, буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ) туралы айтылды.

https://www.instagram.com/p/DWJODOwjEhX/?igsh=MTNhY3h0a3ZpajcxNA==

01.04.2026 ж « Хулиганка» және «Не книжная закладка» атты қысқаметражды фильмдерді көрсетіп  сауалнама өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DWnyWpnDIQK/?igsh=MXZhcHE0YjM3aTRvbw==

Ата-аналар жиналысында буллингтің алдын алу, баланың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

https://www.instagram.com/p/DT3Pp-NjPIo/?igsh=b2VleXE4aGM2NzEz

03.04.2026 ж ата-аналар жиналысында буллингтің алдын алу туралы ақпарат айтылып таратылды .

https://www.instagram.com/reel/DWvLGGXjNBb/?igsh=ZWJja2ZsaDRlZTB3

Сенім жәшігі және сенім телефоны арқылы кері байланыс қамтамасыз етілді.

 

Нәтижелері:

  • Оқушылардың буллинг туралы түсінігі артты;
  • Сыныптардағы психологиялық ахуал тұрақтанды;
  • Қауіп тобына жататын оқушылар дер кезінде анықталып, олармен түзету жұмыстары жүргізілді;
  • Буллинг фактілері бойынша дер кезінде алдын алу шаралары қабылданды.

Қорытынды:

  • Буллингтің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Алдағы уақытта профилактикалық іс-шараларды күшейту, ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру және оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі басымдық болып қала береді.

Ұсыныс:

-              Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Мадиярованың баяндамасында барлық сұрақтарды назарға алу;

-        Мектептің психологиялық қолдау кеңесінде есепте тұрған оқушылармен жоспарлы жұмыс жүргізу;

-        Барлық сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері оқушылармен сөйлесу, әңгімелсу кезінде баланың жеке бас қадір қасиетіне нұқсан келтірмеу (Жауапты БТІЖО З.Мадирова)

 

Басшының ТІЖ орынбасары                                  З.Ш.Мадиярова

Педагог-психолог                                                      Г. Зылгарина

Педагог-психолог                                                      С. Нигметова
Педагог-психолог                                                      Г. Дүйсенбай

 

 


Текст