Ұйымдар тізімі
01.04.2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!
Степногорск қаласы ның Қаныш Сәтпаев атындағы 9 ЖОББМ 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырады.
* Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
* 1-сыныпқа оқуға балалар тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданусыз жүзеге асырады.
* "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қағаз тасығышта жүзеге асырылады.
* Қажетті құжаттар тізбесі: Ата-ананың жеке куәлігі мен баланың туу туралы кәулігі сәйкестендіру үшін.
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Баланың 3х4 см өлшемді сандық фотосуреті (2 дана);
3) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы;
3) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген" бала денсаулығының паспорты " № 052-2/у нысанындағы анықтама;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (қажеттілік бар болса).
ҚҰРМЕТПЕН: мектеп әкімшілігі.
Байланыс телефоны: 8 (716-45) 7-40-28







