/public/files/2026/2/27/270226_115905_2025-ghyly-memlekettk-yzmet-krsetu-boyynsha-esep-drys-nsa.docx
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекен жайы: Степногорск қаласы, 7 шағын ауданы 5 ғимарат .
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
«Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласында13 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметпен – 283 қызмет;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген – 142 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
2024 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын) 299 қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0.
Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 203.
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 98 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
1).403003 – «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» -151
2). 403017 - «Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» – 49
3). 803018 - «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» -12
4). 803005 - «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»– 3
5).403010 - «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету» - 6
6) 403002-1 – «Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектеп алды сыныбына қабылдау»- 56
7) 403003-1- «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 6
2025 жылы көрсетілген қызметтер
2024 жылы ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0008.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы әлеуметтік желілерде 6 ақпараттық мақала мен 4 тікелей эфир жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 5 қызметкер қызмет көрсетеді, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
2025 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.
2026 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Мектеп басшысының м.а. К. Рахимжанова