«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңес

№9 орта мектебінің

қамқоршылар кеңесі және ата-аналар ұйымы

бойынша мәлімет

(2017-2018жж.)

 

  1. 2017-2018 оқу жылы бойынша №9 орта мектебімізде қамқоршылар кеңесі жұмыс жасайды. Әр  сыныптан 1 ата - ана,  34 ата-анадан тұратын мектепішілік ата-аналар ұжымы болып есептеледі. Әр тоқсан сайын жалпы жиналыстар өтеді тоқсан қорытындысы және келесі тоқсанға жоспар құрастырылады, онымен қатар барлық мектепішілік мерекелерге, жиналыстарға, конференцияларға және педагогикалық кеңестерге өз үлестерін қосып мектеп әкімшілігімен бірге жұмыс жүргізеді.
  2.  Қамқоршылар кеңесіне 17 ата-ана кіреді.
  3.  2017-2018 оқу жылында 5 жалпы тындау өткізілді:

А). 06.09.2017ж. – «Жаңа оқу бағдарламасы» - бес күндікке көшуі., «Мектеп жол акциясы», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жолдауы.

Ә).  04.11.2017ж. – «Адал Ұрпақ» клубтары, «Антитеррор» бағдарламасы,

Б). 08.01.2018ж. - «Әкелер» клубын ұйымдастыру туралы, БМ суицидке байланысты алдың алу жұмыстар.

В). 05.04.2018ж. -  «Сенім телефоны» туралы ақпарат, «Өрт қауіпсіздігі және антитеррор қауіпсіздігі»,  «Астананың» -20 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастыру туралы.

Г). 15.05.2018ж. – «Рухани жаңғыру»  қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.  Осындай сұрақтар қарастырылды.

4.  2018 жылы Наурыз айында «Бабадаң қалған ұлы сөз» іс-шарасында мектебімізде «Әкелер» клубы ұйымдастырылып бірінші біріккен іс-шара өткізілді.  Әкелер тобында 9 әке және 6 қария кіреді.  Олар кез келген уақытта  өз көмектерін мектебімізге  көрсетеді және мамыр айында  «Батыл» сабақтарына қатысты.

5.   «Мәңгілік ел болашағы – саналы ұрпақ»  негізгі мектебіміздің  жобасы  іске асырылуда. Мектебімізде дәстүрге айналған өткен жылдан бастап әжелермен жұмыс жүргізілуде «Алтын күз» - ертеңгіліктері, «Бір шаңырақ аясында» фестивалі, «Жаңа жыл» ертеңгіліктері, «Ана, әке және мен» спорттық эстафеталар, «Қыз сыны» байқаулары, «Әжем және мен» байқаулары, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ертеңгіліктері онымен қатар жылдық шығармашылық есептеріне ата - аналарымыз, әжелеріміз, аталарымыз ат салысып біріккен жұмыс жасайды.

6.  Қамқоршылар кеңесінде  материалды-техникалық жағдайлар да әр жиналыстарда қарастырылады және оқушылардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру сұрақтары да шешіледі. Ата-аналар   мектептегі кабинеттерді жазғы жөндеу жұмыстарына белсене қатысып қаржылай мектепке көмек көрсетеді.

Мысалы: «Отаным - тағдырым» қалалық конференцияға -20000 тг. Астананың 20-жылдығына арналған ел ордамызға саяхат - 512000тн, Жазғы шатырлы лагерь «Елім-ай» - 20*9500=190000 тг.

28 кабинетке жалпы ата-аналардан жөндеу жұмыстарына 420000 тенге жұмсалды. Мәжіліс залында қамқоршылар кеңесімен жалюзи маталары 150000 теңгеге ауыстырылды.  01.08.2018ж. «Мектепке жол» республикалық акция басталды оған да қамқоршылар кеңесі ат салысуда.

                

Директор                                        И. Жиенбаев

 

 

 

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:50
Құрылған күні: 29.05.2019 15:37

Текст