2023 - 2024 оқу жылына арналған тегін ыстық тамақ туралы ХАБАРЛАМА
2023-2024 оқу жылында «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 ЖОББ мектебі» ағымдағы 2023 жылдың 15 тамыз айынан бастап жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №949 қаулысын басшылыққа ала отырып төмендегідей жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің отбасыларынан өтініштер қабылданады.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
Ата-ана тарапынан ыстық тамаққа жиналатын құжаттар.
Жоғарыдағы құжаттарды файлға салып ХҚКО/ ЦОН тапсырады.