Степногорск қаласы А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің
«Адал Ұрпақ» клубының наурыз айында атқарған жұмыстары туралы
есебі
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.
13 наурызда «Жеткіншектер мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен дөңгелек үстел өтті. Тақырып бойынша дәріс оқылып, сынып жетекшілер ұсыныс, пікірлерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 15 наурыз күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мақсатында 5-6 сынып білім алушыларымен «Адал еңбек өмірді жақсартудың басты құралы» тақырыбында,19 наурыз күні 7-8 сынып білім алушылармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі» тақырыбында өзін- өзі басқару ұйымы әңгіме сағаттар өткізді. Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлық туралы білім алушылар пікірлерін ортаға салып, өзара ой бөлісті.
Наурыз айында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығармалар байқауы болып өтті.Байқауға 8-9 сынып оқушылары қатысып мадақтамамен марапатталды.Спорттық шаралар да өз дәрежесінде өтті.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады.
«Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мейрамынан көріністер
«Спорттық сайыс» 8-9 cыныптар арасында
7-8 сынып білім алушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі» тақырыбында өзін- өзі басқару ұйымы әңгіме сағаттар өткізді.
«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі С.Арапов
Бекітемін
№9 орта мектебінің
директоры
_______И. Жиенбаев
«__» ______ 2018 жыл
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары
2018-2019 оқу жылы
№ |
Іс –шараның атауы
|
Мақсаты |
Сынып |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубын ұйымдастыру |
Мектеп басшысың, сынып жетекшілердің, мектеп қызметкерлерінің, пән мұғалімдерінің, оқушылардың көмегімен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубын құру |
5-10 |
Қыркүйек |
Мадиярова З.Ш. Кожахметова Н.Т. Арапов С.О. Алипов Е.И.
|
2 |
Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарын бекіту. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарын құру, бекіту |
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарында нақты өткізілетін іс-шаралардың тақырыптары мен оларды өткізуге жауаптылар, іс-шараларға қатысатындар мен оларды өткізу мерзімдерін көрсету |
1-10 |
Қыркүйек |
Мадиярова З.Ш. Сынып жетекшілері |
3 |
«Парасатты азамат» бұрышын ұйымдастыру
|
Бұрыштың басты мақсаты – азаматтық, патриоттық тәрбие беру, кез-келген адамның құқығын, бостандығын және міндетін құрметтеу, адамгершілік қасиет пен этикалық сананы қалыптастыру, жемқорлықты қабылдамау шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру |
1-10 |
Жыл бойы |
Арапов С.О. Кожахметова Н.Т. |
4
|
Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы тақырыптарды еңгізу
|
Ар – ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділдік сияқты адамгершілік және құқықтық мәдениетке баулу. |
1-4 |
Жыл бойы |
Сынып жетекшілері |
Патриоттық, өз Отаны үшін мәдениетін, еңбек сүйгіштік тәрбие, өмірге, еңбекке, білімге деген мақтаныш, қоғамдық тәртіпті сыйлау, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік, құқықтық негізді білу және құрметтеу қасиеттерін дамыту. Сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеу үшін олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру. |
5-8 |
Жыл бойы |
Сынып жетекшілері |
||
Жоғары сыныптың оқушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру. |
9-10 |
Жыл бойы |
Сынып жетекшілері |
||
5 |
Ата-аналар жиналыстарын өткізу |
Жиналыс барысында отбасының құқықтық тәрбие беру берудегі рөлі туралы айту. Отбасында тәртіп бұзушылықтың, жемқорлықтың алдын алуға баулуды қалыптастыру. Ата-аналарға балаларының бойында заңды сыйлау, тәртіпті бұзбау сияқты жақсы қабілеттерді сіңіру жолдары бойынша кеңестер беру. |
1-10 |
үнемі |
Жиенбаев И.Ж. Мадиярова З.Ш. Зылгарина З.Б. Сулейменова К.Д. Сынып жетекшілер |
6 |
«Қоғамдық тәртіп негізі» дөңгелек үстел |
Пікірталастар өткізу арқылы оқушылар тәжірибе бойынша өз пікірлерін ортаға салады. Көзқарастарымен бөліседі. Оқушылар «Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық» мәдениетін қоғамда қалыптастырудың неліктен маңызды екендігі туралы ойларын ортаға салады. «Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін жоятындығын тілге тиек етеді. Бұны болдырмау үшін әркім не істей алады?» Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады деген тақырып көтереді |
9-10 |
қыркүйек |
Арапов С.О. Кожахметова Н.Т. Мустафаева Д.А. Мадиярова З.Ш. |
7 |
«Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы |
«Сынып басшысын сайлау» өткізу арқылы әр оқушының бойында үлкен жауапкершілік сезімдерін ояту. |
1-10 |
қазан |
Сынып жетекшілері.
|
«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы туралы мәлімет жасау (кездесу өткізу) |
5-8 |
қазан |
Арапов С.О. Кожахметова Н.Т. Оспанов М.И. |
||
«Біздің таңдаумыз – заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық принциптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшіліктері туралы білгізу. |
9-10 |
қазан |
Арапов С.О. Кожахметова Н.Т. |
||
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы. «Біздің таңдаумыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстел |
«Мәңгілік Ел» жалпыазаматтық құндылыктарды насихаттау. Заң алдында барлығының тең екендігін үйрету, еңбексүйігіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.
|
1-4 |
қараша |
Сынып жетекшілері
|
|
9 |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының жұмыстарының маңыздылығы мен тиімділігі туралы білгізу. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қыр-сырын ұғындыру. |
5-8 |
желтоқсан |
Сынып жетекшілері
|
10 |
«Сыбайлыс жемқорлық құқық бұзушылығының картасы» жоба сайысы |
Аймақтың БАҚ – тан жарияланған сыбайлық жемқорлық бойынша құқық бұзушылық туралы мәліметтерге мониторинг жасау |
9-10 |
қаңтар |
Мадиярова З.Ш. Кожахметова Н.Т. Арапов С.О. |
11 |
«Жемқорлықпен қалай күресеміз» пікір – сайыс |
Ар-ожданды, жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттайтын қойылым қою арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру. |
9-10 |
ақпан |
Мустафаева Д.А. Арапов С.О. Кожахметова Н.Т. |
12 |
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы |
Өскелең ұрпаққа мемлекеттік қызметті түсіндіру оның мақсаты әр азаматқа қалтқысыз қызмет ету екендігін түсіндіру. |
5-8 |
наурыз |
Сынып жетекшілері |
13 |
«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер көрсетілімі |
Қоғамға ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешу барысындағы Қазақстанның жетістіктерін паш ету, құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық принциптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшіліктерін білгізу. |
9-10 |
сәуір |
Мадиярова З.Ш.
|
Тарих пәнінің мұғалімі: С.О. Арапов
Степногорск қаласы А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің
«Адал Ұрпақ» клубының қыркүйек айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай № 9 мектеп бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» тақырыбында жұмыс түрлері жүргізілуде.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
5-18 қыркүйек аралығында тілдер апталығы өтті,қабырға газеттері шығарылып,тәрбие сағаттары өткізілді және әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл жерде балалардың белсенділігін және білімге деген құштарлығын ерекше атап өтуге болады.
«XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана:өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы өтуде.Конференцияның мақсаты жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,отбасылық құндылықтарды нығайту,оқушылардың ортасына деструктивті діни ағымдар енгізулің алдын алу шаралары және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.
«Тілдер апталығынан» көрініс
Апталық сынып сағаттары
Степногорск қаласы А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің
«Адал Ұрпақ» клубының қазан айында атқарған жұмыстары туралы
есебі
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.Қазан айының 10-ында кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Тақырып бойынша дәріс оқылып, сынып жетекшілер ұсыныс, пікірлерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 17 қазан күні Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 18 қазанда Жолдау бойынша мұғалімдермен жиын өткізілді.Күзгі бал мерекелік кеші де ойдағыдай өтті.18 қазан «Рухани келісім күніне» байланысты 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. «Рухани келісім күніне»1-11сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.
Президент Жолдауы бойынша бірыңғай сынып сағаттарынан көрініс
Президент Жолдауын мектеп ұжымына таныстыру
Күзгі бал мерекелік кешінен көрініс
18 қазан «Рухани келісім күніне» байланысты 11 сынып оқушыларымен өткізілген дөңгелек үстел
«Рухани келісім күніне»1-11сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.
«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі С.Арапов
Степногорск қаласы А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің
«Адал Ұрпақ» клубының қараша айында атқарған жұмыстары туралы
есебі
2018 жылға арналған жасақталған «Адал ұрпақ» ерікті клубының жоспары бойынша №9 орта мектебінде қараша айына арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты тақырыбындағы бейнеролик 10-11сыныптар арасында өткізілді. Бұл бейнероликке 50 оқушы белсенді түрде атсалысып қатысты. Оған жауапты болған мектебіміздің «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі жүргізді.
1-14 қараша күндері аралығында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында
1-4 сынып оқушылары қалалық суреттер байқауына қатысты.
«Табиғат тал бесігін», «Елің сүйген елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Ұлттық валютаға 25 жыл» тақырыбында 10-11 сыныптарда
іс-шара өткізілді. 14 қараша елімізде латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант өтті. Республиканың барлық өңірін қамтыған акциядан біздің мектеп те шет қалған жоқ.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы қалалық суреттер байқауы
«Ұлттық валютаға 25 жыл» тақырыбында 10-11 сыныптарда
өткізілген іс-шара.
«Елің сүйген елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағатынан көрініс
Латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант
«Адал ұрпақ» клубының жетекшісі: С.Арапов
Степногорск қаласы А.Косарев атындағы №9 орта мектебінің желтоқсан айында өткізген
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» іс - шара
аясында атқарылған жұмыстары туралы есебі
11,12 желтоқсан күндері «Егеменді Қазақстан» Қазақстан халқы ассамблеясына арналған іс-шара өткізілді.
11 желтоқсан Асық ату және бес асықтан 6,7,8,9 сыныптарда жарыс өткізілді
12 желтоқсан күні 9-10 cыныптар арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны өтті
14 желтоқсанда «Тәуелсіздік мерекесіне» орай 1-11сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелеріне ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажеттігі бойынша нақты жұмыстар атқарылды және бұл іс-шаралар ары қарай өз жалғасын табады.
Клуб жетекшісі: С.Арапов