Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 22.11.2021 №432 және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 19.11.2021 №568 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындау үшін КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Қатысу үшін нақты Ереженің 107 пунктінде көрсетілген құжаттар тізімін ұсынған және үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай педагогтер шақырылады.
Бос лауазымдар:
Конкурстың өткізілу уақыты:
1) 2023 жылғы 07-14 ақпан аралығындағы кезең - Интернет ресурстарда хабарландыру жариялау;
2) 2023 жылғы 08-15 ақпан аралығындағы кезең - құжаттарды қабылдау
3) 16-20.02.2023жж. аралығында - кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау және конкурс қорытындыларын шығару. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде келесі мекенжай бойынша жолдайды:
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 7 шағынаудан, 5 ғимарат, еmail: step-school@inbox.ru. Байланыс телефоны 8 716-45-3-18-81, 3-18-86
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
4) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Ескерту! Ереженің 107 пунктіне сәйкес бір құжаттың жетіспеуі жағдайында, барлық құжаттар кандидатқа қайтарылады.