2025 жылдың 05 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды үштілділікке баулу, мемлекеттік тілді құрметтеу, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге ынталандыру, сондай-ақ тілдердің маңыздылығын ұғындыру.
Іс-шараға мектеп басшысы Айтжанова А.С, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Ашылу салтанатында мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп, тілдердің қоғамдағы орны мен үштілді білім берудің маңыздылығына тоқталды.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқушылардың ән айту, өлең оқу өнерлері көрсетілді. Онкүндік жоспары таныстырылып, қазақ, ағылшын және орыс тілі пән мұғалімдері алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін үш тілде көрсете білді.
Ашылу салтанаты өз мақсатына жетіп, онкүндікке сәтті бастама болды.