«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәлімгерлік және коучинг жүргізудің маңыздылығы

16.06.2017

Тәлімгерлік және коучинг  жүргізудің маңыздылығы

 

Мен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы аясында Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде біліктілігімді арттырдым.

Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздіксіз нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеу мүмкіндігін беретін дағдыларды ұсынады («Мұғалімге арналған нұсқаулық/Коучинг пен тәлімгерлік», 80 бет).  Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, іс-тәжірибе уақытында жүргізген коучинг сабақтарымнан көптеген жаңалықтармен қатар өзімнің өзгергеніме және  өз қызметіме деген көзқарасымның түбегейлі өзгергенімді сезіндім. 

Осы курс кезеңінен алған әдістемелік теорияның негізінде коучинг барысындағы қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, пікірлермен алмасу, коуч тарапынан рефлексивті диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер  өз жұмысының жекеленген салаларын жетілдіруде, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білім игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. 

Коучингтің негізгі мақсаты - жаңа әдіс-тәсілдерді пәнге енгізу үшін, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, дағдыларды ұсыну болып табылады. Осы мақсатты негізге ала отырып, коучинг барысында жасалған барлық әдіс-тәсілдер оқушыларды жаңаша оқытуға бағыттала отырып, яғни коучинг барысында қолданылатын әрбір әдіс-тәсілді «Оқушы қалай қабылдайды?», «Оқушы бұл әдіс-тәсілде қалай жұмыс істейді?», «Оқушы бұл әдіс-тәсілден нені үйренеді?» деген сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалімдер қолданған әдістердің тиіі екендігін түсінді. Коучинг барысында қатысқан мұғалімдерге өз тақырыбымды аша отырып, топтық жұмыстың ұйымдастырылу кезеңдерімен толық таныс болғанына көзім жетті.  Коучинг барысында, мұғалімдер өздерінің сабақтарының мақсаттары тек мұғалімдерге бағытталғандығын көре отырып, сабақтың мақсатының дұрыс құрылуымен таныс болды. Сабақтың мақсаты оқушының іс-әрекетіне бағытталуы керек екендігіндігін түсінді.

Коучинг үдерісі арқылы коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті әдіс-тәсілдер мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып  отыруға мүмкіндік алу мақсатында әріптесіне көмек көрсетеді. 

Коучинг үдерісінде көрсетілген барлық әдіс-тәсілдер, әріптестеріне жетік түсіндіріліп, олардың өз сабақтарында еркін қолдана алуларына ықпал ете отырып, мықты әдістемелік көмек көрсетілуі керек.

ІІ деңгей Бағдарламасының бірінші «Бетпе-бет» кезеңіне дейін, мен өзімді әдістемелік жағынан «олқы» сезінетінмін. Яғни бұл менің әдістемелік жағымнан нашар екенімді емес, біздің қолданып жүрген әдіс-тәсілдеріміздің оқушылар үшін де, үйретуші мұғалімдер үшін де бірсарындылықпен жалығушылық орын алғанын сезінетінмін.

Мұғалімнің қызыға жұмысқа кірісуі әрине, өзіме байланысты екенін біле тұра өз бойымда қобалжулар болғаны да байқалды. Оқушы мен мұғалімге сабақ беруде айырмашылықтар бары көрінді. Дәстүрлі сабақта мұғалім оқушыға сабақты түсіндіруде  жалпы өзі сөйлеп, дайын білімді беріп, оқулықтардағы жаттығуларды орындатады, мұғалім көп сөйлейді де оқушы аз сөйлеп, жауап береді.Ал, коучтер мұғалімдерге өздерінің  оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. («Мұғалімгерге   арналған оқулық./Коучинг және тәлімгерлік, 81-бет»)  Алдымен әріптестерге сабақты бастамас бұрын сыныпқа жағымды психологиялық ахуал қалыптастырып сабаққа қызығушылығын арттыруда, коучинг сабаққа қатысқан мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасауға кірісті. Әр тапсырманы байыппен орындап олардың жан-жақты қырларын ашуға тырыстым.

Зерттеуші Пажарестің айтуынша (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.(«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,9бет») деген сөзін негізге ала отырып, әр мұғалімнің ұстанымы, көзқарасы, шешімі мен іс-әрекеті болған жағдайда, жаңашыл идеялар арқылы оқушылардың қабілетін аша білулері керек. Екі коучинг сабағымды қайта қарағанымда өзімнің не түсінгеніммен қатар не үйренгенімді айтар болсам, оқытудың мақсаты - оқушы пәнді терең түсініп, алған білімдерін жаттанды түрде емес, ертеңгі күні қажет жерінде қолдана білу керек екенін түсіндім.

Әріптестеріммен коучинг сабақты жүргізуде байқағаным оқушылардан гөрі ересек адамдармен жұмыс жасағанда едәуір өзгешеліктің барын байқадым. Коучинг жүргізуде топпен бірге жұмыс жасауды, оқушыны сын тұрғысынан ойлата білуді, рөлдік тапсырмалар берілуде ашық диалогпен қатар, еркін қарым-қатынасқа түсуді, бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауды топпен бірге ақылдаса отырып, әрбір оқушының ойын білуге, өз идеяларын ортаға салғанда сөйлеу мәдениетінің қалыптасуын диалогтік оқыту арқылы жеке, жұптық тапсырмалардың  ерекше орын алатынын үйрендім. Топтық тапсырмалар берілуде шеберлік пен шапшаңдылықтың керек екеніне көзім жетті.

Бірлесіп жұмыс жасауды да үйрете отырып, үйрендім. Коучинг сөзінің өзі ағылшын тілінен аударғанда тәлім ету, дайындау, жаттықтыру деген мағынаны білдіреді. Мектепте осы әрекетті өз әріптестеріммен тәжірибе алмасуда  көріп отырдым.

Коуч ретінде мән бере отырып, заман талабына сай мұғалім күрт өзгеруі керек екенін, үнемі ізденіс үстінде болуын, әрбір оқушының алған білімдерін тиімді қолданып, тұлға ретінде қалыптастыруды, онымен ой бөлісіп, еркін қарым-қатынасқа түсу барысында саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеуді ұғындым.

Балаларды оқытуда тез арада жағымды ахуал қалыптастырып оқушыны сабаққа қызықтыру шеберлігі өзіме байланысты екеніне көзім жетті. Сабақта оларға бірден қиын тапсырма бермей төмен дәрежелі сұрақтардан жоғары

дәрежелі сұрақтарға жетелеуші сұрақтар арқылы қойып білу, түсіну, қолданудан талдау, жинақтауға итермелей отырып, жұмыс жасаудың нәтижесінде аңғардым.

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырма берудің де маңызды екенін түсіндім. Әріптестермен жұмыс жасауда әрбір мұғалім мектеп қабырғасында жай мұғалім емес, көшбасшы бола білу керектігін түсінді. Сапалы білім беру үшін оқушыларға топпен жұмыстың тиімділігін, диалогтік қарым-қатынасқа түсуде де ойын ашық, жүйелі, бірлесе отырып жұмыс жүргізу, ынтымақтастыққа үйретуді қалыптастырады.

Бұл сабақтарда мұғалім бағыт-бағдар беруші ғана емес,ол оқушының нағыз сырласы мен жанашыры екенін, өзінен үлгі алатын оқушыларға білім беруде білімі мен сөйлеу мәдениетінің , жүріп-тұру әдебінің де жоғары болғанын көрдім. Яғни, коучтер мұғалімдерге оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесіп, нақты дағдыны қалыптастыруға бағыттайды. Өз сабақтарымда Бағдарламаның  жеті модулін пайдалана отырып, тиімді пайдалануға ұмтыламын. Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, әріптестермен бірлесіп отырып жұмыс жасап келемін. Сын тұрғысынан ойлату үшін қызықты тапсырмалар беруді де, оқу сапасының арта түсетініне, жұптық тапсырмаларды көбірек қолданып, топпен жұмыс жасағанда оқушыларға жақын арада даму аймағының әсер ететінін де ескеремін. Интерактивті тақтаны тиімді пайдаланып оқушыға ақпараттық технологияларды меңгеруіне көбірек мән беремін. Оқушыны өз бетімен білім алуына ықпал етіп, алған білімін керек жерде қолдана білуін, ұйымшылдықпен жасаған жұмыстың оқушыға да мұғалімге де тиімді әсері бар екеніне көз жеткіздім.

Мектептің әрбір оқушысы - ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан оларды өмірде кездесетін проблемаларды шеше алуға, ақпараттық технологияларды қолдана білуіне, білімді оқушы етіп дайындауда күш жігерімді аямай қызмет етуді борышым деп білемін.

 

 

Просмотров: 650

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст