Текст
30.10.2024 жылы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша кезекті педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 1-тоқсанның қорытындысы талданды. Ол туралы басшының ОТЖ орынбасарлары Ахметова М.А. және Сулейменова Қ.Д. есебі тыңдалды. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен үйден оқыту бойынша жұмыс құжаттарын реттеу мәселесіне Қайролла Ж.А. тоқталды. Марапаттау талаптары мен ұсынылған кандидатуралар қаралды. 2024-2025 оқу жылында аттестаттаудан өтуге өтініш берген педагогтер тізімі нақтыланды. Сондай-ақ, «Алтын белгі» және «Үздік аттестатқа» үміткерлердің құжаттары туралы. TIMSS, PIZA, ОБЖМ (МОДО) дайындау жұмыстары туралы Ахметова М.А. айтып өтті. Қауіпсіздік ережелеріне басшының ШІЖ орынбасары Садыкова А.Д. тоқталды.