Текст
Ұйымдар тізімі
10.12.2025
2025 жылдың 10 желтоқсан күні жаратылыстану пәндері – химия, география және биология пәндері онкүндігі аясында, химия пәнінен «Қызық химия» викторинасы өткізілді.
Бұл шараға 10 "А" және 10 "Ә" сынып оқушылары белсенді қатысып, топтық интеллектуалды сайыс форматында химиялық заңдар, элементтер, реакциялар және тұрмыстық химия жөнінде сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар логикалық ойлау, жылдамдық, ғылыми сауаттылық және топтық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Мақсаты:
* Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, пәнді тереңірек меңгеруге ынталандыру.
* Танымдық белсенділікті дамыту және ғылыми ойлауды қалыптастыру.
* Достық қарым-қатынасты нығайтып, топтық жұмыс мәдениетін жетілдіру.
Химия пәні мұғалімі: Нұрлан Ж.Н.







