«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізу туралы
ақпарат хаты
Еліміздің болашағы мектепктегі жас педагогтардың жаңа инновациялық идеяларымен, құндылықтарымен, уәждерімен, перспективаларымен анықталады. Болашақ бүгін жас мұғалімдердің қызметі мен білімі арқылы туады. Заманауи мектеп-бұл батыл, кәсіби білікті, методикалар мен технологияларды меңгеруге дайын, жаңа білім алып, тәжірибе жинақтауға дайын мұғалім.
Егер Сіз жас болсаңыз, егер Сіз мұғалім мамандығын жай таңдап алмай, кемелді ұстаз болуға ұмтылсаңыз, егер сіздің идеяларыңыз Таратуға лайық болса, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы Сізді “Дарынды балаларға - талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасына қатысуға шақырады (бұдан әрі- Олимпиада).
Педагогикалық олимпиада 2019 жылдың 3-5 мамыр аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруде жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың құрылымы:
I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.
Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар: педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, тұлғаның педагогикалық бағытын, педагогикалық эрудициясын, жалпы мәдениеттік және интеллектуалдық даму деңгейлерін көрсете алады.
II саты – педагогикалық университет, институт студенттері (II – IV курс), педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.
Олимпиада мазмұны тұлғаның өзін-өзі анықтауда кәсіби деңгейін, оларды кәсіби-педагогикалық жағдаяттар мен міндеттерді шешу барысында педагогикалық білім деңгейлерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қамтиды.
III саты - магистранттар.
Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызметтің деңгейін, сонымен қатар, педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.
IV саты – жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер. (қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс.)
Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.
Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, гуманитарлық колледждердің оқытушылары, жоғары санатты мұғалімдер мен психологтар шақырылған.
Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері деңгейлеріне сәйкес I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Олимпиада қатысушылары үшін Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында тұру қарастырылған, тұру құны күніне – 500 теңге, тамақтануы бір күнге әр қатысушы үшін 1500-2000 теңгені құрайды.
Колледждің мекен-жайы: Тараз қаласы, Домалақ ана көшесі 268, тел 8 /7262/ 54-28-38.
Қатысушылардың келу-кету күні көрсетілген кестесін төмендегі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: gulden.berdenova.76@gmail.com.
Қорытынды кезеңге қатысу жөніндегі сұранысты (қосымшаға сәйкес, облыстық, Астана және Алматы қалалары басқармаларының басшылары, республикалық білім беру ұйымдарының жетекшілері қол қойған) а.ж. 10 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне: Астана қ., Республика даңғылы 34, тел. 8/7172/ 29-49-98, e-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com.. жіберулеріңізді сұраймыз.
Тиісті органмен бекітілген әр қатысушы, педагог және жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері көрсетілген сілтеме бойынша міндетті түрде жеке онлайн-тіркеуден өтуі тиіс http://tiny.cc/Pedolimpiada
Олимпиадаға келу күні 3 мамыр, басталуы-4 мамыр, олимпиаданың аяқталуы - 5 мамыр сағат 15.00-ден кейін.
Іссапар шығындары (жолы, тамақтануы) жіберуші жақтың есебінен төленеді.
Педагогикалық олимпиаданың Ережесі мен тапсырмалары «Дарын» РҒПО сайтында www.daryn.kz орналасқан.
1 қосымша
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысуға Сұраныс
Педагогтар, психологтар және тәлімгерлер үшін
1 |
Қатысушының категориясы (педагог, психолог, тәлімгер) |
|
2 |
Тегі |
|
3 |
Аты |
|
4 |
Әкесінің аты |
|
5 |
Облыс |
|
6 |
Қала |
|
7 |
Ауыл |
|
8 |
Жұмыс орны |
|
9 |
Еңбек өтілі |
|
10 |
Қызметі |
|
11 |
Байланыс телефоны |
|
12 |
Қатысушының жеке E-mail |
|
Жоғары сынып оқушылары, педагогикалық ЖОО, педагогикалық (гуманитарлық) колледждің командалары үшін:
1 |
Қатысушының категориясы (жоғары сынып оқушылары, колледж, ЖОО студенттер командасы) |
|
1 |
Тегі |
|
2 |
Аты |
|
3 |
Әкесінің аты |
|
4 |
Облыс |
|
5 |
Қала |
|
6 |
ЖОО, колледж, мектептің атауы |
|
7 |
Курс, мамандығы (студенттер үшін) |
|
8 |
Сынып (жоғары сынып оқушылары үшін) |
|
9 |
Мамандығы |
|
10 |
Жетекшілердің байланыс телефоны |
|
11 |
Жетекшілердің е-mail |
|
Магистранттар үшін
1 |
Қатысушының категориясы (магистрант) |
|
2 |
Тегі |
|
3 |
Аты |
|
4 |
Әкесінің аты |
|
5 |
Облыс |
|
6 |
Қала |
|
7 |
ЖОО атауы |
|
8 |
Мамандығы |
|
9 |
Сыныбы (жоғары сынып оқушылары үшін) |
|
10 |
Байланыс телефоны |
|
11 |
Қатысушының е-mail |
|