«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№9 орта мектебінің ерте жаста жыныстық қатынастарды және ерте жүктіліті болдырмау туралы 2018 – 2019 оқу жылында өткізілген жұмыс есебі

14.05.2019

№9  орта мектебінің ерте жаста жыныстық қатынастарды және ерте жүктіліті болдырмау туралы

2018 – 2019 оқу жылында өткізілген жұмыс есебі

 

Іс - шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

Ата- аналар жиналыстары

Жыл басында

Мектеп әкімшілігі

2

Тәрбие сағаттар, әңгімелер, дөңгелек үстелдер

Тоқсан сайын

Сынып жетекшілер

3

Парақшалар дайындау, жаднамалар мен басқа да баспа өнімдерін көрсету,  өмірдің қиын жағдайына тап болған кезде көмек көрсету, (ақпарат сенім телефонының жұмысы туралы) ""ЖОҚ деп айта Біл", "Қалай сақтануға керек",

 Қыркүйек- қараша

Үлкен сыныптардың кеңесі

Мектеп медбикесі

4

Денсаулық сабақтарын өткізу

Жыл бойы

Денешыңықтыру пән мұғалімдері

Сынып жетекшілер

Мектеп медбикесі

5

Сенім телефондарының ақпараттық стенттілерде орналастыру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

6

Ұлдар және қыздармен тәрбие жұмыстарын жүргізу

Үнемі

 Сынып жетекшілер

Мектеп медбикесі

7

Оқушыларға  құқықтық білім беру және жыныстық сауаттылық сабақтарын  ұйымдастырып өткізу.

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

Тарих пән мұғалімдері

8

Өмір қауіпсіздігі сабақтарында «Ерекше жағдайларда өзінді ұстау» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізу

 

Жыл бойы

Денешыңықтыру пән мұғалімі

Сынып жетекшілер

9

Адам. Қоғам. Құқық. сабақтарында қылмыстық жауаптылық жауапкершілік сұрақтарын қарастыру.

 

Жыл бойы

Құқық пән мұғалімдері

ІІБ инспекторлары

10

Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында  бейтаныс адамдармен жеке қауіпсіздік қозғау мәселелерін зерттеу.

Достық және ашықтық туралы ата-аналарымен әңгімелесу.

Жыл бойы

Бастауыш сынып жетекшілері

11

Оқушылардың  күн тәртібін сақталуын тексеру мақсатында рейдтер өткізу

 

Жеке кесте бойынша

Әлеуметтік педагог

Сынып жетекшілер

12

Бірінші кезекте өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларды  жазғы жұмысқа орналастыру, оқушыларды сауықтыру.

 

 

 Жаз -2019

ТІЖ орынбасары

Әлеуметтік педагог

Мектеп психологі

Сынып жетекшілер

 

Оқушылардың  бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, спорттық секциялар мен үйірмелерге тартылған. Ерекше назардағы балалармен жұмыс жасау мақсатында білім беру ұйымдарында арнайы жоспар жасақталып, жоспар негізінде, түрлі шаралар жүргізіледі. Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психолог есепке алынған оқушылармен кеңесу жұмыстарын жүргізіп, сауалнама алады.

Мектепте «Өзін-өзі басқару ұйымы» бар. «Жас полиция көмекшісінің» топ басшысы етіп ерекше назарда тұрған оқушылар тағайындалады. Сонымен қатар қиын оқушыларды мектепшілік безендіру, әр түрлі шара барысында оқушылардың тәртібін сақтау мақсатында жауапты етіп бекітілген.

Мектепте барлық келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында жедел ата-аналар жиналыстары,  дөңгелек үстел, дискуссиялар, семинарлар өткізуде. Әр сыныптағы ата-аналар жиналыстары мектеп директоры, педагог-психолог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагогтардың  қатысуымен өтуде.

Мектебімізде құқықбұзушылық, қаңғыбастық, нашақорлық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жасау жоспары қыркүйек айында құрылып бекітілді және жыл бойы сол жоспар бойынша жұмыс жасалды.

Қыркүйкте   отбасы күніне арналған  «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана:   өз балана үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы кезектесіп кесте бойынша 1-ай бойы өткізілді.

20.09.2018 жылы қалалық Таңшолпан ұйымы ұймдастырған қала әні атты байқауына қатысты 10-11 сынып оқушылары «Жанды дауыс» номинациясына ие болды.

22.09.2018 жылы облыстық Денсаулық күніне арналған суреттер байқауында мектеп оқушыларымыз 1,2,3, орындарғ ие болды. Онымен қатар қалалық «Фото пробег» қалалық байқауына белсенді қатысты.

29.09.2018 жылы «Менің огтбасым» атты жалпы тәрбие сағаттар өтті.

01.10-10.10.10.18 ж. мектеп психологы Нигметова С.А.  оқушылармен 7-11 сыныптар арасында  сухбаттар жүргізді. Онымен қатар психология апталығы  жеке жоспар бойынша жүргізілді.

10.10.2018 жылы Республикалық «Қыздар күні» асында мектебімізде 8-9 сынып қыздарына арналған «ЗӨорлыққа жол жоқ» атты дәріс  өткізілді.

Қазан айында оқушылардың «Алтын күз» мерекелері ұйымдастиырылып өткізілді.

18.10.2018 жылы «Жақсылық бұлағы» атты жобасы өз жұмысын бастады оған қатысқан 8-9 сынып қыздары

22.10.2018 жылы «Салауатты өмір салтын ұстанамыз» атты тәрбие сағаттары өтті.

БҰҰ «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенді іс-әрекет» он күндігі аясында 28-29.11. 2016ж. күндері  9-11 сыныптарда «Қазақстандағы әйел құқығы» тақырыбында сынып сағаттарын,  ұйым қыздары 5-6 сынып қыздарына  «Сырласайық қыздар»  тақырыбында  сырласу кешін өткізді. Қыз балалар арасында құқықбұзушылықтың  алдын алу мақсатында айына бір рет қыздар жиналысы өтеді. Жиналыста қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіпмектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар туралы айтылды. Сонымен қатар мектептерде балаларды жыныстық, еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагог қауымдастығы арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Бекітілген  кешенді жоспар негізінде, құқықбұзушылық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен 11.01-18.01.2019ж. күндері аралығында кездесудің кестесі аудан әкімдігімен бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Кездесуге құрылған ата-аналар комитеттері қатысты. Көне көз қариялар оқушыларға өздерінің көрегенділіктерін танытып, ақылдарын айтып, ұлдарды қайсарлыққа, жігерлікке шақырса, қыздарды инабаттылыққа, ибалы болуға тәрбиелеу бағытындағы кеңестерін айтты.

13.02.2019 жылы ішкі істер бөлімініңинспекторы,  мектеп медбикесі, ата-аналар кеңесінің төрағасының қатысуымен бірге кездесулер ұйымдастырылды. Әр сала мамандары өз ойларын ортаға салып, оқушыларға барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер қылмысы мен құқық бұзушылығының алдын алуына бағытталған профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен өзара бірлескен түрде жұмыс жасауда.

Мектепішілік есепте тұрған оқушылар  биыл жоқ. Бірақ сонда –да  бақылауда  ұстап, сабақ қатысы, мектеп формасын сақтау, басқа оқушылармен қарым-қатынасы жыл бойы назарда ұстанылады. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үйірмелерге тартылды (ондай оқушылар жоқ). Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спорттық үйірмелерге тарту жұмыстары жүргізілуде.

Наурыз айында барлық сыныптарда  «Асыл аналар» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттары, «Көктем ханшайымы» арулар сайысы, 8-наурыз халықаралық әйелдер, қыз-келіншектер мерекесіне орай, 9- сынып қыздары арасында «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында дөңгелек үстел, ер балалардың ұйымдастырумен «Арулар асыл жандар» атты мерекелік шаралар өтті.


       03.04.2019 жылы күні ұйым қыздары  «Туберкулез қауіпті дерт» тақырыбымен ата-аналарға бүктеме қағаздарын таратты. 

         10,11  сәуір күндері  медбикенің қатысуымен «Ерте тұрмыс құрудың зияны», «Жүктіліктің алдын алу» мақсатында 8-11 сынып қыз балаларға жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбында өзекті мәселелер қаралып, қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, қоғамдағы, отбасындығы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар талқыланды. Қыздарымыз көптен толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналысқа 6-8 сыныптардың оқушылары қатысты. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады. 


https://www.instagram.com/p/Bn_2q_UBv02/?igshid=sk34qs1yleym

https://www.instagram.com/p/BoB-z9aBLyO/?igshid=1dr8im5iyimhf

https://www.instagram.com/p/BoRk4OwBr9-/?igshid=faz4qaoj29oj

https://www.instagram.com/p/BowuXzABG6N/?igshid=ph3y81oca24m

https://www.instagram.com/p/BpFasl_gHiu/?igshid=78rgmer4agh1

https://www.instagram.com/p/BpPDFQkAaBn/?igshid=1udbyubji7f96

 

 

 

   Директор                                                                                   И. Жиенбаев

Просмотров: 1414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст