«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Орта білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы

25.07.2023
Марапаттауға арналған мұғалімдер тізімі
ТАЖ  Лауазымы, жұмыс орны (толық атауы) Жетістіктері
  «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы
1 Ахметова Меруерт Акановна «Ақмола облысы білім басқармасының
Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі
Оқушыларының  жетістігі:
VIII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне жаратылыстану математикалық бағыт пәндері бойынша математика пәнінен жеңіске деген талабы үшін Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен  11 сынып оқушысы Тельманова Жансая марапатталды. Пән олимпиадасында оқушылары жыл сайын жүлделі орындардың иегері атанады. Мысалы, Пән олимпиадасы, I орын –  Тельманова Жансая  (9-сынып) , Пән олимпиадасы,  III орын –  Дүйсенова Ұлболсын (9-сынып), Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига І орын – 19  оқушы  (5-9 с), Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига «Алтын алқа» иегері – Естаев Ерқанат (7 сынып), Мусабеков Адиль (5 сынып), жоғарғы лигаға әр жыл сайын – 9-10 оқушы өтіп, жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломдармен мапапатталды.  Республикалық интеллектуалды ойын «Кенгуру», III орын - Карибекова Айдана, Нурбердиев Тұрсын, Илесова Ақерке. (6 сынып). Республикалық интеллектуалды  ойын  «Ақбота», I орын –  16 оқушы (6 сынып). ҰБТ  нәтижесі - 15,6 ұпай,  сапасы  67%. 11 «А» сынып 15 оқушының барлығы 100 % жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде 8 оқушы грантпен түсті; 2016 жыл. «Алтын белгі» иегерлері Тельманова Жансая, Қожабеков Қажымұрат, «Үздік аттестат» иегері Кенжебекова Камшат. ҰБТ  нәтижесі-15  ұпай,  сапасы  71%. 11 «А» сынып 17 оқушының барлығы 100 % жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде 6 оқушы грантпен түсті. 76 % оқушы техникалық мамандық таңдады. «Үздік куәлік» иегерлері: Тұрдыбекова Назерке, Бекахметова Ақбота, Нарбатыров Төле, Мұғаділ Әліби, Жабаева Мадина, Абдрахманова Тамирис.
Меруерт Акановна оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-техникалық негіздерін терең біліктікпен игерген. Оқушылары қалалық, облыстық, халықаралық пән байқауларына, пән олимпиадаларына, басқа да сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, биіктерден көрініп жүр. Ұстаз – өзіндік тың бастама, ұшқыр ой, сан қырлы шебер әдістері арқылы әріптесіне  үлгі. «Өрлеу» БАҰО Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ІV Халықаралық «Білім алушы аймақ – ересектердің өмір бойы білім алу әлеуетін дамыту» Форумында Презентациялық алаңшада «Халық әндерін насихаттау» тақырыбымен өз жобасын қорғады, Форумның жинағына мақаласы енгізілді. ҚР Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өткен Халықаралық конференциясы жинағында «Ыбырай Алтынсарин және балалар әдебиеті» мақаласы жарияланды. «Математика сабағында оқытудың тиімді тәсілдерін   пайдалану - оқушылардың функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру негізі» тақырыбына іс-тәжірибесі Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ облыстық  Сараптама кеңесінің шешімімен іс-тәжірибесі таратуға ұсынылды. Сараптау кеңесінін талқысына «Оқушылардың білімін қашықтықтан тексерудің онтайлы тәсілі (Socrative онлайн жүйесі арқылы)» атты авторлық бағдарлама ұсынды.
 
Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст