Жолдау-2018: білім басты бағдар
«Біз, №9 орта мектебінің ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып,
таныстық. Жолдау – отандастарымыздың
әл-ауқаты мен тұрмыстық әлеуетін арттыруға және ел экономикасын дамытуға
септеседі. Мемлекет басшысының әр Жолдауынан еліміздің өсуінің белгілі бір
кезеңін байқаймыз. Бұл жолғы Жолдау осыған дейінгі маңызды құжаттардың тұжырымы
болып табылады. Біздің ойымызша, адами капиталдың сапасын арттыру – мемлекет
дамуын қамтамасыз етудің негізгі алғышарты. Қоғамның зияткерлік әлеуетін
дамытуды жүзеге асыру педагог кадрларға тікелей байланысты. Осы орайда
Жолдаудың жетінші негізгі міндетінде, білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман
шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екендігін және бұл арада
мұғалім мамандығының беделін арттыру қажеттігі көрсетілген. Расында да, білім ордаларында ой-өрісі
дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды азамат
дайындауды одан әрмен жаңа деңгейге көтеру қажет. Өйткені жаңа мыңжылдықта өз
кәсібінің қыр-сырын жете меңгерген мамандар басым болмақ.
Сонымен
қатар, оқытушылар Елбасы жүктеген міндеттерді жоғары дәрежеде орындау үшін
мұғалімнің мәртебесін көтере түскен абзал деп топшылайды. Бұл осы аталған
басымдықтардың орнықты іске асуына ұйытқы болмақ. Сондай-ақ, педагогтардың
кәсіби біліктілігін заманауи технологиялар арқылы көтеруге басты назар аудару
керек.
«Жолдауды
барша отандастарымызбен бірге ұжымы да
қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндетті алда іске
асыруға өз үлесімізді қосамыз » .
№9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі С.О.Арапов