«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасының кезекті Жолдауына пікір

15.01.2018

Елбасының кезекті Жолдауына пікір

Мұғалім мәртебесін

арттыру қажет. Ел құлағын елең еткізген Елбасының биылғы Жолдауындағы ерекше

міндеттердің бірі осы.  Кезінде Мағжан Жұмабаевтің өзі  «Алты алаштың

басы қосылса, төрдегі орын  - мұғалімдікі» деп, ұстаздарға деген ұлы

құрметін білдірген еді. Біз бен сіз меңгерген білім нәрі де сол ұлағатты жанның

арқасы емес пе?! Жалпы бұл жолғы Жолдауда Мемлекет басшысы білім саласына

қатысты бірқатар

тапсырмалар жүктеді. Ұстаз – ұлы тұлға. Елімізде сан түрлі кәсіп иесін дайындап,

жауапкершілігі мол, жүгі ауыр бір сырлы маман атанған 400 мыңға жуық мұғалім

бар. Міне, сол қастерлі маман иесіне қазір құрметтің  азайып кеткенін көз

көріп жүр. Сондықтан да бүгінгі қоғамда ұстаздардың әлеуметтік әл-ауқатын

жақсарту, мәртебесін көтеріп, мерейін асыру мәселесі өткір тұр. Мұғалім

мәртебесі моральдық және материалдық тұрғыда қарастырылса, яғни, Елбасымыздың

нақты осындай қадамдары мұғалім мамандығы иелері үшін  өте қуанышты хабар.

Мұғалімдерді көптеп оқыту бұл да біз үшін өте өзекті мәселе болып отыр. Енді

оқушыларға берілетін жүктемелер азаяды. Бағдарлама жеңілдетіліп, білім алу

оңтайлы болмақ. Ал, жоғары сыныптардың жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде

оқуы жаһандық білімді жетік меңгеруге жол ашады. Мұғалім мәртебесін көтеру

олардың әлеуметтік жағдайына да тікелей байланысты дейтін болсақ, Елбасының

жаңа Жолдауы бойынша мұның да бір түйіні шешілгелі тұр. Айталық, жаңартылған

мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша білім беруге көшкен мұғалімдердің айлық жалақысы

30-50 пайызға дейін өсетіні осы сөзімнің дәлелі.Тағы бір қуантарлық жайт   жас

ғалымдарға қолдау күшейеді. Ғылыми гранттар  аясында бөлінетін квота саны

артады. Елбасы жоғарыдағы міндеттерден өзге барлық жастағы адамдардың біліммен

қамтылуын, балабақшаға арналған бірыңғай бағдарламаның әзірленуін және

технологиялардың жаңаруын қатаң тапсырды. Егер бұл міндеттер кезең-кезеңімен

бұлжытпай орындалатын болса, білім саласы бойынша әлемдік рейтингтің көшіне

ілігуіміз әбден мүмкін.Ал,

білімнің белесі биік болса - елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы да жақсара

түспек.

 

 

                                                                                       

С.Арапов

                                                                  

           №9 ОМ тарих пәнінің мұғалімі

Просмотров: 322

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст