Әзірленген және бекітілген онкүндік(11-22.12.2023) жоспарына сәйкес, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, тарихықа деген мақтаныш сезімдерін ояту, белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында тарих онкүндігі өткізілуде.
Іс – шараларды жоспарлау кезінде оқушылардың танымдық қызығушылықтары, жеке-психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Онкүндік оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға арналған. Онкүндіктің материалдары "Тәуелсіздік тұғырым" және "Тарихқа тағзым!"тақырыптарына байланысты. Ашық сабақтар күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау және оқытудың негізгі бағдарламалық курсына сәйкес болып, оқушылардың білім деңгейін, дамуын, ой-өрісін тереңдетіп, толықтыруға негізделген. Онкүндікке 5-11 сынып оқушылары қатысуда.
Тарих пәні мұғалімдері ӘБ жетекшісі С.Арапов