«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ

16.06.2017

КОМПЬЮТЕР ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ

Қазіргі таңдакомпьютерлер біздің өміріміздің ажырамас бөлігі деп айтсақ қателеспейміз. Әр үйден табылатын бұл техниканың түрі жұмыстың кез-келген  саласында қолданылады. Жұмыстан бөлек компьютердің көмегімен ән тыңдап, көңіл-күй көтеріп немесе бейнебаянадар көруге болады. Және де компьютердің басты функцияларының бірі - ойындар ойнауға болады. Компьютерлік ойын — ол ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға бейне-ойындар мен мобильді ойындар да жатады. Алайда, осы компьютерлік ойындар шығысымен, оны сынға алушылар көбейді. Біреулері құптап, жақтап жатса, өзге біреулері даттап жатады. Расында да, бүкіл әлем ойнайтын компьютерлік ойындар біздің дамуымызға өз пайдасын тигізіп жатыр ма, әлде керісінше, дамуымыздытежелтіп, зиянын тигізіп жатыр ма?

         Компьютерлік ойындар туралы айтқанда оның ең басты қаупі бар, ол -  тәуелділік. Яғни, компьютерлік

ойындарға тәуелділік ол – ішімдікке тәуелділік немесе нашақорлық секілдіпроблемалармен бір қатарда тұратын өте маңызды мәселе. Ойындарға тек қана балалар емес, сонымен қатар, ересектер де тәуелді болуы мүмкін. Компьютерлік ойындарға тәуелділік кибераддикция деп аталады. Психологияда «аддиктивтікті» «шынайылықтан кету» деп атайды. Бірқатар психологтардың пікірінше компьютерлік ойындар дәл осы «шынайылықтан кетулерге» әкеліп соғады. Осындай тәуелділіктің кесірінен талай отбасылар бұзылған. Компьютерлік ойындарға тәуелді адам шынайы өмірді мүлдем ұмытып, толықтай ойын жетегінде кетеді. Facebook желісінің статистикасы бойынша қолданушылардың 19% өздерінің ойындарға тәуелді екендігін айтады. Олардың 10% ересектер. Менің ойымша, мұның барлығы ойындардың графикасының тым шынайы болуында, бара-бара мұндай ойындарға адамдарды

толықтай  өздерін кіргізіп жіберуі мүмкін. Сол себепті дамудың да дұрыс жолдарын таңдаған жөн.

         Компьютерлік ойындарға қатысты тағы бір мәселе әрине оның денсаулыққа зиян екендігі және де тікелей тәрбиелік мәні бар екендігі. Жалпы компьютердің көзге зиян екендігін білеміз, тек қана көзге емес, адам ағзасының

барлық мүшелеріне тиізер зияны жетерлік екені жасырын емес. Сонымен қатар, ойын ойнау нәтижесінде, физикалық іс-әрекетке адамның тек саусақтары түседі де,  адам тендионит – қол саусақтарыны сіңірлеріне  шамадан тыс күш түсіру дертіне шалдығады. Әлемде компьютерлік ойындарға тәуелді әрбір екінші адам осындай аурумен ауырады екен.   Ал тәрбиелік мәніне келер болсақ, көпшілік ойындар тікелей атыс-шабыс, қыру-жою, өлтірумен байланысты. Қаншама сағат бойы осындай желісті ойындарды ойнаған баланың ойында не болуы мүмкін? Әрине, ол

қатігездікпен, ыза-кекпен өседі.  Мысалға алар болсақ, 1999 жылы американдық екі оқушы өз мектептеріне келіп ұстаздары мен сыныптастарын оқ астына алғап, содан соң өздерін өлтірген. Кейіннен мұның барлығы компьютерлік ойынның балалардың санасына толықтай кіріп кеткендіктен екендігі анықталан.  Мұндай жағдайларды тоқтату үшін, компьютерлік ойындарды білімді жетілдіру мақсатында, ақыл-ойды дамыту мақстаныда шығарған жөн болады деп ойлаймын.

         Қорыта келгенде, әр адам компьютерік ойындарды ойнау барысында өз-өзіне жауап бере алу керек. Ата-аналар да балаларына шектеу қойып, нақты бір ережеге сай рұқсат бергендері жөн.

 

Қожабеков Қажымұрат Анасбекұлы

Просмотров: 668

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст