«Ақмола облысы  білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная  школа №9 имени  Каныша Сатпаева города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования  Акмолинской области»

СоцСети

Ата- аналарға кеңес

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» (дөңгелек үстел)

20.04.2017

№ 9 орта мектебі

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары»

(дөңгелек үстел)

 

9 сыныптар

 

 

 

 

                       Дайындаған:

                                      С.Арапов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары»   (дөңгелек үстел)

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы

жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, еліне,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұраның  қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты слайдтар, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, тапсырмалар, автор суреттері.

Кіріспе

бөлім:

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл

далада өскен жанда жоқ арман.

Осы өлең жолдарымен біздің «Мемлекеттік рәміздер-халықтың рухани бағдары» атты дөңгелек үстелімізді бастағым келіп отыр.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Ендеше бүгінгі дөңгелек

үстеліміз рәміздер туралы болмақ.

Әнұран орындалады

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,

арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.



1 слайд мемлекеттік рәміздер түсінігі

 

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады

 

2 слайд ҚР мемлекеттік рәміздері туралы баптар

 

9-бап ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран

Олардың сипаты мен ресми түрде қолданылуы Конституция заңымен белгіленеді.

34-бап. Қазақстан Республикасының     әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс ҚР Президентінің

жолдауынан ҚР территориясында тұратын азаматтар Мемлекеттік туды, елтаңбаны және әнұранды   құрметтеуі тиіс.

(«ҚР мемлекеттік рәміздері» 1996 жылдың 24  қаңтар)

 

3слайд

ҚР мемлекеттік туы (авторы, кесте)

Тұғырлы туымыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi гимннің бiрi. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық

оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. 

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң

белгiсi.

Көк аспанадай көкпеңбек Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы

4слайд

Елтаңба(авторлары, кесте)

Еңселі Елтаңба.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеті елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. 

Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. 

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. 

Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол — өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының

өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

5 слайд

Мемлекттік әнұран

Асқақтаған Әнұран

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран.

Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

  Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

1.Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

  Бәрі:- Қазақстан,

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранмен айбатты.

Сұрақтар:

1. ҚР өз Тәуелсіздігін қай жылы алды?

2.Ата Заңымыз қашан қабылданды?

3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері қандай?

4. Олардың авторларын білеміз бе?

5. Жаңа Әнұран қашан қабылданды?

Қорытынды: 

Мұғалім сөзі:- Міне,

балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз

азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, - деген екен.

 Мемлекеттік

рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет — ғұрыпты, салт

— дәстүрді қастерлеу болып табылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1901

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст