Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
31.01.2017
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Елбасының Қазақстан халқына жолдауы ел экономикасындағы жаңа бағыт-бағдарларды айқындап берді. Атап айтқанда, жаңа жаһандық ахуалдағы бес басымдылықты көрсетті. Енді оны нәтижелі жүзеге асыру негізгі міндет. Жазбаша түрде жарияланған жолдаудың төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту. Бұл білім беру саласындағы жаңартулармен тығыз байланысты. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала ен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттілігіне тоқталды. Бұл туралы үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырылды.Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы. Бұл орайда, қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде
ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. Сондықтан 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Әрине, бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керектігіне тоқталды. Елбасының бастамасы бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет екендігін атап көрсетті.